Тестовый форум

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Жамбыл Жабаев өлеңдері


Жамбыл Жабаев өлеңдері

Сообщений 1 страница 21 из 21

1

Менің өмірім

Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,
Сары аяз көш-жөнекей боран күні
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа, шыққан үні.
Мен емес, суық дәмді ел де алыпты,
Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.
Қара күн хан билеген, қаңды жорық
Дегендей ел аузында сөз қалыпты.
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім.
Ел көрдім - еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім.
Бой бермес ел өмірі асау шері,
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.

Бірде от, бірде суды көктей кешіп,
Талпынып, тілегіне басты ілгері.
Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,
Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.
Құлыннан құнанда өрлеп, дөненде өрлеп,
Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.
Он жаста ойнап жүрдім бала болып,
Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.
Райыттап тана міңіп, қозы бақтым, ,
Еңбекті иемденгенде шама келіп.
Қойшымен кеңес құрдым қыр басында,
Өлеңмен ермек болдым жолдасыма.
Сол еңбек-қалытқыдай кетті алып,
Байлардың жақындатпай мырзасына.
Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім,
Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.
«Жас ақын», «Жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын»
Дегенде, дара болып көзге түстім.

Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорга.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын даңгыл жолга.
Топ десе, он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалтылдадым.
Еріксіз он сегіз жас мінгізді атқа,
Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа.
Бір жағы - қайнап өскен қалың елім,
Бір жағы - атқа мінген бай мен датқа.
Жауларды ел қарғаған жамандадым,
Манапқа жақсы сөзді таба алмадым.
Аз сөзім бай, манапқа арналғанда,
Жалтақтап, ел не дер деп, алаңдадым.
Келгенде жеме-жемге, елде қалдым,
Шалшыққа шатылмадым, көлде қалдым.
Шалқардың шалқып жүзген мен аққуы,
Келмеді сасық, шалшық жерде қалғым.


Кедей күйі

Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда дағы ар қылмас.
Қалт-күлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?!
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас?!
Мұныменен, Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.

Жылқышы

Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей,
Сахарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Саяқ іздеп Сарыкемер, Сартауқұмнан,
Табылса деп, жонымыз бір тілінбей,
Байтал түгіл, бас қайғы болып жүріп,
Қайтпекші едік төсектен біз түңілмей!
Көбен - арықтап жүріп, ет алған жылқы.
Жабы - қарапайым жылқы.
Шыбыл - Ұлы жүздегі ру аты.
Сарыкемер, Сартауқүм - жер аттяпі-
жылқышы

0

2

Тәйті мен Шыбыл шалға

Қажыдан кеше ғана келді дерек,
Союға мал, шашуға ақша керек.
Тәйтекем, ұжмақтан орын тапты,
Қаза тауып, жарықтық, елден ерек.
Ақшаңды шаш, ағайын, малыңды же,
Жақсы өлімге жабығу болар қате.
Жас қалып, алдыңда кәрі кетсе,
Оның өзі емес пе той-мереке.
Меккеге біреу барса, Шыбыл барсын,
Шыбылдан басқаң барсаң, шығындарсың.
Қебінін өлгендердің жиып алып,
Ақыретке барғанда шырылдарсың.


Әкеме

Сертінің ұрлап қара атын,
Жазықсыз киып қанатын,
Жапанда жаяу қалдырып,
Жайым жоқ қарғыс алатын.
Ел арасын егер қып,
Ойым- жоқ шұрқан салатын.
Қоныстан елді бостырып,
Неміз бар енді шабатын!
Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын!


Абышқа

Мәмбетәлі ауылында
Атапдым мен абышқа.
Абышқа деп мына қыз,
Тиіп кетті намысқа.
Абышқаның сақалы
Әлде бұган таныс па?
"Абышқаны байқасам,
Емес екен алыста.
Абышқа ма, қарашы,
Біздің әсем дауысқа.
Ұзақ таңға қарлықпас
Ұлы дүбір шабыста.
Айтқан сөзім шет болса,
Сынатайық қалысқа.
Не болмаса, жөнде өзің,
Тұлғаң түзу жан екен
Түсінетін әр нұсқа.

ОТАН ӘМІРІ

http://fotohost.kz/images/2013/12/04/neV8b.png
http://fotohost.kz/images/2013/12/04/m6UHY.png
http://fotohost.kz/images/2013/12/04/VCgMP.png

0

3

барлығы жақсы өлендер

0

4

оте керемет

0

5

Өлендері ұнадыма?астына жазамыз!!!

0

6

Жамбыл Жабаев Атаның әлдиі өлеңін қалай табуға болат????

0

7

Айым написал(а):

Атаның әлдиі

АТАНЫҢ ӘЛДИІ

Ал, Қуаныш, Қуаныш
Сені етейін жұбаныш
,Алғадайым өлгелі
Боп кетіп ем жылағыш
«Ата, ата» — деп келгесін,
Айналайын, алайын.
Ақ бетіңнен өбкен соң
Жүрегімді жамайын.
Ермек болып отырсаң,
Мен бір әнге салайын.
Көңілімді шат қылсаң,
Көтеріліп қалайын!

0

8

алғадай туралы әр бір ой өленің көмектесіңдер табуға отыныш

0

9

инжу написал(а):

алғадай туралы әр бір ой өленің көмектесіңдер табуға отыныш

Алғадай - ертеде жаугершілік заманда жетім қалғандарын жинап, тәрбиелеп, бағып-қағып, соғыс өнері ис, адал қызмет етуге баулып тәрбиелеген жеткіншектер. Алайда, бұл ұғымды онтологиялық тұрғыдан дәйектейтіндсіі қажетті деректер жоқтың қасы

http://www.day.kiev.ua/sites/default/files/main/openpublish_article/20050523/490-2-2.jpg

Орысша

Казахский акын Кенен Азербаев, утешая друга — поэта Жамбыла, горевавшего о погибшем сыне, солдате Алгадае, написал: «Он не погиб, история не даст ему умереть...» Время подтвердило пророческие слова — в год 60-летия Победы в Великой Отечественной войне в далеком украинском городе Синельниково Днепропетровской области был установлен памятник сыну Жамбыла Алгадаю, погибшему в боях за освобождение Украины 22 февраля 1943 года.

Нынешней весной памятный знак из красного гранита с барельефом героя, выполненный карагандинскими скульпторами Бахытжаном Абишевым и Владимиром Троценко, вознесся над синельниковским мемориальным кладбищем. Идея увековечения памяти солдата Алгадая, высказанная послом Казахстана в Украине Амангельды Жумабаевым и главой города Синельниково Леонидом Сутулой, при поддержке Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан стала реальностью.

На торжественном открытии памятника в далеком украинском городе побывал внук акына — 78-летний Алимкул Жамбылов.

— Мы, потомки Жамбыла, признательны за то, что люди бережно хранят память о его сыне, — начал неспешный рассказ Алимкул-ата. — Действительно, народная память благодарна: местные жители, в основном молодежь, на удивление внимательно и с интересом слушали мои воспоминания о знаменитом казахском поэте-импровизаторе Жамбыле и его сыне Алгадае, который защищал их землю.

Когда Алгадай уходил на фронт, дома оставались два его сына Таубай и Куаныш. Долгие годы они не знали, где находится могила их отца. Алимкул-ата, сын родного брата Алгадая Токкулы, как хранитель и продолжатель рода Жамбыла, подробно рассказывает об истории семьи:

— И Алгадай, и мой отец Токкулы, и еще два их брата — сыновья Жамбыла, которых родила ему третья жена. От двух первых жен у моего деда на руках осталось шестеро сыновей и две дочери, когда он женился на моей бабушке, — вспоминает Алимкул-ата. — Все они жили дружно, бабушка никого не делила на «своих» или «чужих». Она всех жалела, ведь их матери умерли, и дети остались сиротами...

Потомки Жамбыла Жабаева до сих пор живут в поселке, где после кончины знаменитого акына был организован музей его имени. Эта местность славится удивительно красивой природой, хрустально чистым воздухом и зелеными сочными лугами. Недаром акын никуда не хотел уезжать из родного края, хотя ему не единожды предлагали переехать и поселиться с семьей и в Москве, и в Алма-Ате. В советские годы на месте нынешнего поселка поначалу организовали колхоз имени Жамбыла, где в 30-х годах семья акына жила в шестикомнатном доме. Затем им построили дом из двенадцати комнат. Из этого отчего дома и ушел на войну в далеком фронтовом, 1942 году Алгадай. Провожая сына, Жамбыл Жабаев написал:

...Мне покоя гнев не дает

Ночи целые напролет,

Я тревожных мыслей взгляд

Устремляю на Сталинград...

Твердо знают и стар, и млад:

Враг наш скоро будет разбит.

Совесть мира на Сталинград,

Затаив дыханье, глядит.

От седой моей бороды —

Я не белый клок оторвал,

Я родного сына послал,

Сталинградцы, в ваши ряды!

Провожая его в поход,

«Алгадай! — сказал я ему, —

Бей как следует вражий сброд!»...

В 1943 году кавалеристы 19-го гвардейского полка, где воевал пулеметчик Алгадай Жамбылов, вместе с другими частями Красной Армии дошли до селения Роздори Синельниковского района, что в Украине. Их атака была настолько стремительной, что фашисты в панике бежали. Под прикрытием танков советские части смогли выбить немцев из селений Роздори, Зайцево, Веселое, Вольное, Парное... Со стороны Парного противника атаковала 35-я артиллерийская дивизия...

Через много лет после войны юные следопыты из средней школы № 5 города Синельниково нашли донесение, в котором было несколько строчек: «Действующая армия, 35-я артиллерийская дивизия... В 14.00 бойцы атаковали...». Речь шла о Синельниковской битве, особенно тяжелой и кровопролитной. Только в кавалерийском 19-м гвардейском полку 147 человек были убиты и 530 пропали без вести.

Но вскоре противник опомнился и сумел подтянуть свежие резервы — танки, авиацию. Советские же части, напротив, остались без подкрепления и боеприпасов. Немецкие самолеты на бреющем полете прицельно сбрасывали бомбы, но солдаты, презрев смерть, поднимались в последнюю атаку, чтобы схлестнуться с противником врукопашную. Позднее на месте сражения следопыты откапывали останки воинов с зажатыми в руках винтовками с холостыми патронами... Сейчас на этом месте братская могила, над ней высится курган с гранитной стеной, на которой выбиты имена павших героев.

...В том бою части Красной Армии вынуждены были отступить. Отход прикрывал пулеметчик Алгадай Жамбылов со своими боевыми товарищами — младшим лейтенантом Косковым, красноармейцами Буяновым, Джикибаевым, Долабаевым, Умбетовым. Они заняли позицию с восточной стороны Синельниково. Солдаты берегли патроны и стреляли короткими прицельными очередями. Но даже когда замолк пулемет, фашисты не могли подступиться к ним — бойцы продолжали отстреливаться из винтовок. Только орудийный залп из танка противника сломил упорное сопротивление воинов. Пожертвовав собой, они спасли сотни солдатских жизней и с честью исполнили сыновний долг перед Родиной.

Воссоздали картину этой битвы и восстановили имена погибших все те же следопыты из средней школы № 5 благодаря раскопкам на месте прошедших боев, архивным поискам и рассказам местных жителей — очевидцев того сражения.

В синельниковской школе еще в советские годы был открыт музей боевой славы. Здесь хранятся материалы о 67 казахстанцах, освобождавших город от захватчиков. Алимкул-ата рассказал, что среди экспонатов есть ружье и каска Алгадая.

Пытливые следопыты разыскали и адрес, откуда призывался пулеметчик-казах Алгадай Жамбылов. И Евгений Трушенко, подполковник, руководитель историко-поисковой группы, написал письмо в далекий Казахстан на родину Алгадая с известием, что он захоронен в украинской земле.

В марте 1989 года первым на могиле Алгадая побывал старший сын Алимкула-ата, правнук Жамбыла — Муратхан. А в сентябре этого же года поклониться праху отца в Синельниково приехал младший сын Алгадая — Куаныш. Он встретился со следопытами, сумевшими отыскать на месте прошедших боев захоронение Алгадая, и рассказал им, что в полученной похоронке не было указано ни области, ни района, ни населенного пункта, где похоронен отец. Значилось только, что он геройски погиб в Украине. «Теперь наша семья спокойна, отец похоронен как подобает, и мы можем в любое время приехать к его могиле», — сказал Куаныш Жамбылов и передал юным следопытам и лично Евгению Трушенко огромную благодарность от всей семьи. Напоследок он прочитал стихи, которые написал Жамбыл, когда получил письмо Алгадая с фронта. Письма приходили редко, а потому старый акын радовался каждой весточке от сына:

Как последним письмом, сынок,

Ты порадовал сердце мое!..

Помни, сын мой, слово отца

О приказе родной земли,

Был приказ: стоять до конца!..

Будь бесстрашен, мой Алгадай!

Немцам отдыха не давай!

Если струсишь — не пощажу,

Если выстоишь — награжу,

Тем, что внукам в песнях моих

О твоих друзьях боевых,

О делах твоих расскажу...

— В 1943 году скорбная весть о гибели Алгадая подорвала здоровье деда, на могиле сына ему побывать так и не удалось, — вспоминает Алимкул-ата. — И Куанышу, хоть и намеревался он еще раз навестить могилу отца, больше так и не довелось съездить в Украину...

Но дружба украинских друзей и потомков казахского акына не канула в Лету. В 1996 году, во время празднования 150-летнего юбилея со дня рождения Жамбыла Жабаева, по приглашению Алимкула-ата в Казахстане побывала делегация из Украины, в том числе и Евгений Трушенко. Гости с теплой признательностью и благодарностью участвовали в праздничных мероприятиях.

— Специально для украинских друзей я установил большую юрту, потчевал бешбармаком из нежной баранины, — вспоминает внук акына. — А этим летом, когда я ездил на открытие памятника Алгадаю, они тоже встретили меня очень приветливо, я даже растрогался...

По словам Алимкула-ата, из всех многочисленных потомков Жамбыла лишь он и его младший сын Бекмурат переняли песенно-поэтическую эстафету знаменитого деда.

— Еще в советские годы мне присвоили звание народного акына Казахской ССР. Мой сын Бекмурат тоже сочиняет стихи, поет и играет на домбре. Сейчас я работаю над третьей книгой «Алыптардын кездесуi», куда войдут воспоминания об известных людях, с которыми мне довелось встретиться, когда еще был жив мой дед Жамбыл, а я был юношей...

78-летний Алимкул-ата перенес две операции на глаза, но полностью восстановить зрение так и не удалось, из-за чего он не может жить один. Большая семья аксакала ютится в скромной однокомнатной квартире, а городские власти ветерану труда Алимкулу Жамбылову, к сожалению, помочь не в состоянии.

— Я не могу самостоятельно разогреть себе чай, — с горечью признается он. — Поэтому со мной живет младший сын Бекмурат с семьей. Конечно, нам тесно, мне негде уединиться для работы над воспоминаниями. А лет уже немало, хотелось бы завершить и издать книгу, где я расскажу об известных людях, о своих личных впечатлениях и наблюдениях, о бесстрашном Алгадае...

0

10

АЛҒАДАЙ ТУРАЛЫ ӘРБ1Р ОЙ

Түне күнгі кеткеннен
Ғали жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйқта дедің бе?

—Қалай қыйып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?
Елжірейді өзегім,
Ауырады белім де...
Қаза болып көзелім,
Халім қыйын менің де.

II
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сары-Арқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Өлім деген у екен,
Мендей кәріп адамға.
Күнде үйімде күңренем
Көзіме жас алам да.

III
Құр сүлдерім, есім жоқ,
Жүріп тұрған десім жоқ.
Деп қараймын сәбиге:
«Игіліктің кеші жоқ!»
Бала қалды жетім боп,
Келін қалды жесір боп,
Біздей кәріп кісіге
Көз салыңдар есіркеп.

IV
Темір өзек пенде жоқ,
Өлмес адам елде жоқ,
«Орынсыз деп өлімі»,
Ондай ойлау менде жоқ.
Көп жайланған жабының
Жал-құйрығы сұйылар...
Сол сыяқты Жамбылдың,
Жұқарыңқы түрі бар.
Көңілі бос — кәрінің,
Көкейлерің ұғынар,
Көтермей жан жалынын,
Көзден жасы құйылар.
1943

Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.

0

11

аттандыру оленин сози керек отыныш тауып беридершы?

0

12

маганда аттандырудын созын тауып берындерш

0

13

АТТАНДЫРУ

Атаңнан бата ал, балам
Алшайып атқа мін,балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған!»
Хош, хош балам! Хош айттым,
Қолымды міне, шошайттым!
1941

http://fotohost.kz/images/2013/12/04/Sc4oN.png

http://fotohost.kz/images/2013/12/04/CxI5F.png

0

14

Жамбылдын Отеген батыр. Туралы дастанын ким блет?

0

15

Маған Жамбыл Жабаевтің Өтеген батыр және Сұраншы батыр жырлары керек еді?  қім біледі? өтініш маған тез арада тауып берініздерш

0

16

Айзере написал(а):

Сұраншы батыр

Жамбылдың «Сұраншы батыр» атты шығармасы – қазақтың ұлттық азаттығы жайында тарихтан сыр тербеген қаһармандық дастаны. Оның өзегіне Құдияр хан бастаған Қоқан басқыншыларына Ұлы жүз қазақтарының қалай тойтарыс бергендігі туралы тарихи оқиға негіз болған. Қазақ жеріне қайта-қайта шабуыл жасап, әбден дәндеп алған басқыншылардың еркінсіп алғандары сондай – шұрайлы аймақтарына ауыз сала отырып, Жетісу өңірінің шығысы жағына дейін жетеді. Оған дәлел Құдияр ханның жырдағы:
Соғыспақ боп патшамен Қапалдан тосып бір шықты деп баяндалатын әрекеті дәлел. Сонау батыстан келген жау Алматыдан асып, Қапал өңіріне жеткенін осыдан байқаймыз. Бұл жағынан алғанда дастанның танымдық та мәні бар екені көрінеді. Оның қорғансыз елге жасап келе жатқаны – көпе-көрнеу зорлық-зомбылық.

Орыс әскерлерінен зеңбірегінен жеңіліс тапқан Құдияр хан қайтар жолда қазақ ауылдарына талқандап, білгенін істейді. Киіз үйлерді өртеп, бар мал-мүліктерін тонап әкетеді. Қыз-келіншектерін зорлап, бесіктегі балаға шейін өлтіріп тастаудан тайынбайды. Сөйтіп олардың қазақтарға көрсеткен зорлық-зомбылығы тіпті шектен тыс асып кеткен.
Осындай жағдайда ен өлкеде бет-бетімен жүрген көшпелі жұрттың басқыншы жауға қалай қарсы тұрамыз деп жанталасуы заңды. Сөйтіп қоқандықтар бер жақтағы ауылдарға кезекті бір зобалаң әкелген кезде, жәбір көруші жұрттың есіне алыстағы Сұраншы түседі де, тау баурайындағы жас батырға дереу хабар жібертеді.
Арыстан жүрек Сұраншы
Шыңда жатыр алыста.
Оны шыңға шығарған –
Қонысы жоқ, қол қысқа.
Бұл шумақтан жас батырдың қолы қысқа екендігі, бірақ соған қарамай, атағы атырапқа жайылып үлгергені байқалады. Әйтпесе оны шабылған елдің адамдар іздеп әлекке түспес еді.
Күші өздеріне қарағанда әлдеқайда басым жауға қарсы шығып, жеңіске жету оңай шаруа емес. Өзі ұйымдастырған жасақтың бетке ұстар азаматтарын жинап алып, ақылдасқан кезде, Сұраншының естігені – қолдау емес, қаймығу рәуішті сөздер еді. Бұндай солқылдақ пікір жолбарыстай жүректі жас батырды қайдан қанағаттандырсын? Оның ер рухты шешімтал адам екендігін сездіретін деталь – қасындағы ақыл айтушылардың солқылдақ сөздеріне құлақ салмай, бірден жауға шабуыл жасауды қолға алуы. Сұраншының шын мәніндегі батыр екендігін білдіретін шабуыл әрекеттері – дастандығы бояуы жарқылға толы айшықты эпизодтар.
Көп заманнан бергі тыңдарман мен оқырманның жадында қалғаны – басқа емес, Жамбылдың суреттеуіндегі Сұраншы. Аз сипаттаумен-ақ батырдың бейнесі мүмкіндігінше толық ашылған деуге болады. Ол қандай жағдайда да шапшаң шешім қабылдайтын шалымды, ойлағанын дереу жүзеге асырып тастайтын оралымды әрі сол әрекеттерінің қай-қайсысы да ақылға негізделген есті адам. Ырғалып-жырғалып өмір сүретін көшпелі қазақтың жайбарақаттығы оған жат. Өйтпесе және болмайды. Өйткені – айналаны өрт қаптаған жаугершілік заман. Қыр елінің самарқаулық дендеген психологиясы, шарасыз хал-ахуалы мұндай уақыттарды жеңіске жетелейтін фактор ретінде көріне алмайтындығын Жамбыл жақсы сезіне отырып, батырдың бейнесін уақыт шындығына сай өз деңгейінде әсерлі сомдауға мән берген. Осы арада ақынның фантазиясының мықтылығымен бірге суреткерлік қабілетінің де қуаты айқын көрінеді.
Өмірде болған шынайы оқиғаларды суреттей отырып, ақын өзіне дейінгі халық поэзиясының көркемдік тұрғыда жинақталған тәжірибесін ұтымды түрде пайдаланады. Тарихи хронологиялық жағынан алып қарағанда, «Сұраншы батыр» батырлық жырының оқиғасы «Қобыланды», «Алпамыс» немесе «Қамбар батыр» жырларында айтылатын оқиғалардан көп беріде өткені белгілі. Әрине, жырдың өмірге келу уақыты да он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында. Сондықтан, ауыз әдебиетінің дәстүрлі пішіні пайдаланылып, ауызша шығарылғанымен, жырдың көркемдік-композициялық құрылымы, салыстырмалы түрде реалистік поэзияның үлгісі басым. Мұнда алдындағы айтылған батырлар жырында кездесетін гипербола, литота немесе анахронизм нышандары жоққа тән.
Жамбылдың өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің ұнасымды тұстарын орнымен пайдаланып отырғанын дәлелдейтін мысалдар жырда баршылық байқалады. Солай болуға тиісті де еді. Бас қаһарман Сұраншының шабуыл алдындағы көңіл күйін ақын былайша сипаттайды:
Батыр тұрып толғанды,
Терең-терең ойланды,
Теңізден тұрған желдейін,
Күтірлеп кеткен сеңдейін,
От шашқан биік таудайын,
Айбарланып қозғалды, деген шумақтағы теңеулер қазақтың ауыз әдебиетіне, оның ішінде поэзиясына тән көркемдік үлгілері екендігі анық.
Өйткені – жыр авторының өзі үйренген, үлгі алған бағдаршамы ең алдымен қазақтың ауыз әдебиеті, халық ақындарының туындылары болды. Сондықтан да ол батырлар жырларына тән болып келетін жалпы сыртқы формалық қалыпты, мазмұндық рухты, жекелеген көркемдік өлшемдерді пайдалана отырып, шығарылған бұл дастан сол заманның көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда, жаңа үлгідегі туынды еді. Сөйтіп, дарынды ақын өз заманының тыңдаушылары үшін (ол кезде қазақ қоғамында оқырман категориясының әлі қалыптаса қоймағаны белгілі) соны әсерге бөлейтін батырлық дастанын өмірге келтірді.
Ақын қазақ сөзін үйлестіріп, көркемдікпен екпіндете сілтеген кезде нағыз батырлар жырына лайықты сөз өрнегі төгіледі. Сұраншының жауды тықсыра қуып, жеңіске жетуін суреттеген сәттегі жоғары пафос тыңдаушыға да қуанышты көңіл күйін сыйлайды:
Елге келген бүлікті
Дауылдай тиіп айдады.
Жалынның бетін қайтарып,
Қасқырдан елді айырып,
Көтеріп көңіл жайлады.
Бас қаһарманның образын әсерлі шығару үшін ақын жалт-жұлт еткен динамикалы мінез-құлқын, қарапайым жай адамның қолынан келе бермейтін батырлық қимылдарын және соғыс тактикасын шебер ұйымдастыра алатын әскери стратег екендігін көрсете білген.
Жеке дара тұлғаға тән болып келетін осындай адамдық факторлар Сұраншыны шын мәніндегі қаһармандық деңгейге көтереді. Бірақ оның нағыз қаһармандығы – елін сүйген патриот батыр және сол сүйікті жұртын қорғау барысындағы көзсіз ер болып шығуына байланысты. Осынау көркемдік-идеялық мақсат ақынның шеберлігінің арқасында қисынды түрде жүзеге асып, шығарманы сол замандағы халық әдебиеті үлгілерінің алдыңғы қатарына шығарды. Сұраншының Отан алдындағы ерлік парызын көзсіздікпен жүзеге асыруы тыңдаушылардың сандаған ұрпақтарына тағылым болып қалғаны сөзсіз.
Жырда елді, жерді сүюге байланысты уағыз сипатында көрініс тауып отыратын дидактикалық сарын да сезіліп отырады. Бірақ бұл ақынның тыңдаушысына қаратып айтқан құрғақ ақылы, кезекті насихаты емес, қаһарманның іс-қимылымен, уағыздық ұстанымымен астасып жатқан, негізгі сюжетпен органикалық байланыста туындаған көркемдік тұтастық. Жырдың өзіне тән эстетикалық бітімін білдіретін осындай ақындық үрдіс шеберліктің тағы бір нышаны болып табылады.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, Жамбылдың «Сұраншы батыр» дастаны – поэзия тарихында үнемі еске салынып отыруды қалайтын биік көркемдік өлшемдегі патриоттық шығарма.

0

17

Жамбыл Жабаевтын Кари байдын тобети оленин калай табуга болады???Отиниш комектесиниздерши

0

18

http://cs312721.vk.me/v312721432/9bec/lNPuHiXDHs8.jpg

0

19

Жамбылдин зiлдi бұйрық өленин қалай табуға болады

0

20

Маған Ақ Әже туралы өлеңін тауып бересіздерме?

0

21

Айбар написал(а):

Жамбылдин зiлдi бұйрық өленин қалай табуға болады

зiлдi бұйрық

           «Верныйден»*
жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы
бұйрығының тіпті зілді. ,
«Отыз бір - он
тоғызды алад» деген
Суық хабар
халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы
халық, малын айтып,
«Кеткен соң
қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де
еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні
күйін тартып.
«Верныйдың»
қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал
жылап жатыр баласына.
Ешбір ем
табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі
жарасына.
Пристав келіп
қалды бала сұрап,
Ел жатыр
бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да
баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай
әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды
«аламыз» деп,
Жігіттер тұр:
«Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл
түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір
ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды
кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет,
қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып
соғылып толқындады,
Бір сая бола ма
деп шыбын жанға.
Жиылды
бозбалалар бір кезеңге,
Қарғалы деген
тасқын бір өзенге.
Пристав кетті: «Еріксіз
аламын, - деп, -
Көресің бұл
істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол
пристав жаттап алды,
Басшыларын
қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл
елге солдаттарын,
Басты-басты
кісіні саптап алды.
Күн ыстық,
қайнап тұрған сарша тамыз,
Жанында қан,
малында қалмаңыз.
Оразаның күні
еді сол уақытта,
Бұл күнде
оразаны не қыламыз!
Суында
Қарғалының ауыз ашты,
Бір пәлекет
халыққа душарласты.
Басшылары кеткен
соң, тағат алмай,
Жиылған жұрт
дағдарып, жанталасты.
Келді де, алып
кетті жақсыны айдап,
Барады боздақтардың
көзі жайнап.
Күн ыстық,
қайнап тұрған сарша тамыз,
Жөнелді абақтыға
соры қайнап.
Жақсыдан жақсы
қоймай, алды санап,
Қамалды абақтыға
қырғыз, қазақ.
Білмеді не
болғанын сырттағы ел,
Қамалғандар
тірідей тартты азап.
Шулайды абақтыға
қамалған көп,
Сырттағы жұр:
«Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор
жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту
көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы
айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың
«Бекболат!» деп.
Бекболат бола
қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды:
«Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге
жазды дарасына,
Байбосын қоса
кетті арасында.
Абақтыда
қалғандар естен танды,
Көзінің қамшы
тиіп қарасына.
Әкетті байғұстарды
арбаға сап:
«Иманыңды
айтатын молдаңды тап.
Үндеріңді
шығарма, өңкей надан,
Мұнан былай
сөйлеме, аузыңды жап!»
Самсыны* алған
екен Ботпай** қамап,
Оларды жігітімен
кетті сабап.
Тұтқындарды
босатып ала алмады,
Бір пәлеге
екінші пәле жамап.
Пристав та
Самсыға барған екен,
Жәнібектің
мешітін қамап алған екен.
Жәнібек қажы
жанына ара тұрды,
Бір болыс ел жиналып
барған екен.
Ала алмай күні
бойы әлек болды,
Жәнібек
приставқа себеп болды.
Ертеңінде құтылып,
Ұзынағашқа
ІПаңдатып келе
жатты қара жолды.
Бөлек-бөлек
топтанып, шоқтай болып,
Бай көпесті өлтірді
Ботпай болып.
Қолына онан басқа
түк түспеді,
Кезсе де бұл
маңайды әбден шолып.
Ақыры ұлыққа түк
қыла алмастан,
Не боларын бұл
істің біле алмастан,
Күш жинамай,
қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы
бітірді кек алмастан.
Самсы - жер аты.
Ботбай - ру аты.
Шиенде* де
әскерлермен ұрыс болды,
Сол ұрыста топ
басы Саттар өлді.
«Саттар өлді, ел
қашты» деген хабар
Ел-елдерге
жайылды оң мен солды.
Шұбырып тауға
қарап ел жөнелді,
Не боларын
соңының кім біледі?
Тауға шығып
өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі
жанынан түңілді енді.
Ертеңінде
ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін»
деп хабар салды.
«Қашқандарды
атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер
жер таба алмады.
Аттандық ұлығының
қонысына,
Елді сорған
борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза
тапты жауға аттанып
Көксеген
азаттықтың соғысында.
* Шиен - Алматы
облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының
солтустігіндегі
елді мекеннің аты.

0


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Жамбыл Жабаев өлеңдері


Добро пожаловать на наш форум!!