Гарднерелла (Gardnerella vaginalis) – жыныстық жолмен берілетін өте көп кездесетін инфекция. Гарднереллез таралуы шағыммен келетін науқастарда 44-57%-ға, ал популяцияда 6-7%-ға жетеді. Көбінесе әйелдерде гарднерелла ағзада жағымсыз иіс («балық» иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді пайда болуымен сипатталады. Ал ер адамдарда гарднереллез простатиттің белгілеріне ұқсайды: ауырсыну, артқы ішекте, ұмада жағымсыздық және қышыну, несеп шығару кезінде бөлінді пайда болуы. Гинеколог, венеролог, уролог және отбасылық дәрігерлердің анықсыздығы гарднереллардың патогенділігі туралы гарднерелланы жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекция деп қарастырмайды. Нәтижесінде, кейбір жағдайлар тіпті емделмейді, кейде әйелдерге жергілікті емді жазып береді және серіктесін емдемейді. Нәтижесінде, инфекция бірнеше уақыттан кейін қайтадан жаңартылады. Бұл көбіне некесіз қатынастарда көптеп кездеседі. Мекендейтін экологиялық орны – қынап. Көбінесе қынаптың микробиоценоздық бұзылысына байланысты гарднереллалар әйел адамдарда вагинит және сирек жағдайда цистит және уритрит, ал ер адамдарда – эпидидимит және уритрит шақырады. Себепкер факторлары болатын қантты диабет, жүктілік, ұрықтандыруға қарсы гормонды препараттар, менструациялық үзілістер, эндокриндік бұзылыстар. Осылардың әсерінен қынаптың кілегейлі қабатында рН көрсеткіші және де қанттың мөлшері өзгереді. Инфекция көзі – ауру және сау әйел адамдар. Инфекция жыныстық қатынас арқылы беріледі және босану кезінде жұғуы мүмкін. Gardnella vaginalis сау әйел адамдар қынабын паразиттейді. Вагинит кезінде олардың саны күрт көбейеді. Гарднереллаларға қарапайым коректік орта болып адамның несеп-жыныстық жолы, сирек жағдайда (ұзақ зақымданғанда) гарднереллалар ауыз қуысында кездеседі. Гарднерелла жағымды жағдайда (емделмеген жағдайда) уретра бойымен жоғары көтеріледі де, жатыр мен фаллопий түтігін зақымдайды. Олар репродуктивті жаста 20% әйелдерде кездеседі. 50% жағдайда гарднереллалар вагиниттің себебі болып табылады. Гарднереллездің инкубационды кезеңі 5-10 күнді құрайды. Бұдан басқа гарднереллалар көп емес мөлшерде несеп жыныстық жолдың қалыпты микрофлорасында кездеседі, бірақ оны табу өте қиын. Гарднерелланың көптеп таралуына байланысты олардың басқа да таралу жолдары бар – тұрмыстық қатынас және тікелей (ана-ұрық) жолдары арқылы. Гарднерелланың өмір сүруге бейімделушілігі шырышты қабат немесе бөлінді бетінде 4-6 сағатқа дейін жетеді, ал инфекция спорасы жарты жылға дейін сақталуы мүмкін. Гарднерелланың бұл ерекшелігі ағыссыз суайдындарда, аквапарктарда, джакузиде, жалпы дәріханаларда, гинекологиялық тексерілулерде оңай жұғатындығын көрсетеді. Күнделікте өмірде, емтиханға бір күн қалғанда, талап ету арқылы медициналық тексерілуге келген студенттер бар, әрине, 20 адамды 20 минутта қарау мүмкін емес, сондықтан да гинекологиялық бөлме стерилдеуден өтпейтіні де белгілі. Нәтижесінде, тексерілуге соңғы баратын қыздар гарднерелла немесе басқа да инфекциялармен жұқтырылуы әбден мүмкін. Гарднерелланың спора түзетін қызметі емдеуді қиындатады. Егер активті формасына антибактериальды терапияға 10-12 күн жеткілікті болса, спораны емдеуге арасына 12-15 күн салып, 2-3 курс өту қажет болады. Сондықтан, гарднереллалардың макролид, тетрациклин сияқты препараттарға жоғарғы сезімталдығына қарамастан, инфекцияның толық жоюлуына (эрадикация) жету өте қиын. Зерттеулер бойынша, гарднереллалар жоюлуына спектиномицин, эритромицин, кларитромицин, метронидазол және орнидазол көмектеседі. Жыныстық қатынасқа түскен серіктестердің барлығы тексерілуі қажет. Әйелдерде жүйелі түрде емделу метронидазол немесе орнидазолдың қынаптық енгізуімен байланыстыру қажет, сонымен қатар метронидазол қолданған жағдайларда қынаптың лактобациллалары жойылады. Ал ол дисбиоздың асқынуына әкеледі. Сондықтан, метронидазолмен қатар, вагиналды эубиотиктер және де пенициллин, клиндамицин, және басқа да антибиотиктер қолданады. Ал ер адамдарда препаратты жүйелі түрде енгізу еркектік бездің массажы арқылы байланыстыру керек. Қорыта келе, гарднерелла – жыныстық қатынас арқылы таралатын инфекция және екі жыныстық қатынас серіктерінің препараттарды пайдалана отырып, емделулері қажет.