Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Сообщений 1 страница 3 из 3

1

ҚАБЫЛОВ ТӨЛЕН

Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық Кеңес Одағы батырларының бірі
– Қабылов Төлен. Ол 1917 жылы Алматы облысы Шелек (қазіргі Еңбекшіқазақ)
ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Əскер қатарына шақырылып, Сталинград
шайқасына, Дон, Қырым, Украина, Белорусь, Литва жерлерін азат ету ұрыстарына
қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», 3-дəрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. 1945
жылы 10 сəуірде Кенигсберг қаласы түбінде Төлен басқарған бөлімше жау танкілеріне
қарсы шайқасты. Осы ұрыста Төлен гранатаны кеудесіне қысқан бойы жау танкісінің
астына жата қалып, өзімен бірге танкіні жарып жібереді. Осындай ерлігі үшін оған
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

ЛУГАНСКИЙ СЕРГЕЙ ДАНИЛОВИЧ

Луганский Сергей Данилович (1918 – 1977) – Кеңес
Одағының Батыры атағын екі мəрте алған қазақстандық
ұшқыш. 1918 жылы 10 ақ панда Алматы қаласында
дүниеге келген. Ол Орынбордағы ұшқыштар мектебінде,
Мəс кеудегі əскери-əуе академиясында білім алған. 1939 –
40 жылдар аралығында кеңес-фин соғысына қатысқан.
ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский ұшу сапарына
390 рет шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. Соғыстан
кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің Əскери-
əуе күштері саласында əр түрлі жоғарғы басшылық
қызметтерде болды.

НҰРКЕН ƏБДІРОВ

Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған
қазақстандықтардың бірі – əскери ұшқыш Нұркен Əбдіров. Ол
1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған.
1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Нұркен Əбдіров майданға
жіберіледі. Алғашқы əуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға
жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет əскери-əуе жорығына араласты,
жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын жəне т.б. техникаларын,
50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Ростов облысы Боков ауданындағы Коньков хуторына шоғырланған жау
танкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Шабуыл кезінде Нұркен
Əбдіровтің ұшағы отқа оранды. Осыдан кейін ол ұшағын бұрып əкеліп, жау танкілерінің
шоғырына соғады. Нұркен Əбдіровке əскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай
өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы
Əулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылында туылған.
1940 жылы əскер қатарына алынып, 1941 жылдың
маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына аттанды.
Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер
бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-
Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның
көзін жойды. Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25
шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып
тұншықтырып, ерлікпен қаза тапты.
1944 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.

ПАВЛОВ ИВАН ФОМИЧ

Павлов Иван Фомич 1922 жылы Қостанай облысының
Меңдіқара ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Чкалов
атындағы əскери-əуе ұшқыштары мектебін, 1949 жылы М.В.
Фрунзе атындағы Əскери академияны бітірді. 1942 жылдың
желтоқсан айынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлік
ұшу сапарына 200-ден астам рет шығып, өзі жаудың 3
ұшағын қиратты. 1944 жəне 1945 жылдары екі рет Кеңес
Одағының Батыры атағын алды. Соғыстан кейін авиация
полкін басқарды. Павлов 1950 жылы қызмет барысында қаза
тапты. 2 рет «Ленин» орденімен, т.б. көптеген ордендермен
жəне медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының
орталық алаңына Павловтың қола мүсіні орнатылған.

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ

Талғат Бигелдинов – Ұлы Отан соғысында екі мəрте
Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық
ұшқыштардың бірі. Ол 1922 жылы 5 тамызда Ақмола
облысы Ақкөл ауданы Майбалық ауылында дүниеге келеді.
Соғыс басталғаннан кейін Саратов, Чкалов қалаларындағы
ұшқыштар мектептерінде оқиды. 1943 жылдың ақпанынан
майданға жіберіліп, сол жылғы 7 наурызда «Ил-2»
шабуылшы ұшағымен жаудың «Мессершмит-109» жойғыш
ұшағын атып түсірді. Бұл ерлігі бұрын-соңды кездеспеген
оқиға ретінде əлемдік авиация тарихына енді. Соғыс кезінде
ол 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың
жүздеген танктерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды.
Əуе шайқастарында фашистердің 7 ұшағын атып түсірді.
Соғыстан кейін əскери-əуе күштерінде қызмет істеді.
Бигелдинов «305 рейдов», «Ил-ы атакуют», «Аспандағы
айқас» атты естелік кітаптар жазды.

БЕДА ЛЕОНИД ИГНАТЬЕВИЧ

Беда Леонид Игнатьевич 1920 жылы 16 шілдеде
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Новопокровка
ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры
атағын екі мəрте иеленген. Жоғары ұшу-тактикалық
мектебін, Əскери-əуе күштері академиясын жəне Бас штаб
əскери академиясын бітірген. Беда Чкалов атындағы 1-ші
(қазіргі Орынбор) əскери-авиация училищесін 1941 жылы
жылдам ұшатын бомбалаушы ұшақ ұшқышы мамандығы
бойынша бітіргеннен кейін «Ил-2» шабуылшы ұшағына
мамандану үшін училищеде қалдырылады. 1942 жылы
16 тамызда Сталинград майданында соғысқа кіреді. Ол
соғыс кезінде 214 рет жауынгерлік тапсырма алған. Оның
154-інде ұшақтарға өзі жетекшілік еткен. Соғыстан соң
Беда əскери қызметтерде жұмыс атқарды. Көптеген орден,
медальдармен марапатталған. 1976 жылы автомобиль
апатынан қаза болған.

ҚОШҚАРБАЕВ РАҚЫМЖАН

Рақымжан Қошқарбаев – Берлинде Рейхстаг қабырғасына
алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман қазақ
жауынгері. 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола
ауданында туылған. 1942 жылы Қызыл Əскер қатарына
шақырылып, Фрунзе (қазіргі Бішкек) жаяу əскер училищесін
бітірді. 1944 жылдың қазан айынан ол 1-Белорусь майданында
взвод командирі болды. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 1945
жылдың сəуірінен Берлинге шабуыл жасаған кеңес əскерлерінің
алдыңғы сапында болып, Рейхстагты алу ұрысында асқан ерлік
көрсетті. 30 сəуірде ол жауынгер Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа
бірінші болып жетіп, оның қабырғасына жалау қадады.
Соғыстан кейін елімізге оралып түрлі қызметтер атқарды.
«Қызыл Ту», 1-дəрежелі «Отан соғысы» ордендерімен жəне
медальдармен марапатталды.

ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ

Тоқтаров Төлеген (1920 – 1942) – Кеңес Одағының Батыры. Ол
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық
ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Лениногор полиметалл
комбинатында жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы жылдарында
Төлеген Тоқтаров 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында
болды. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино үшін болған ұрыста асқан
ерлікпен қаза тапты. Тоқтаров туралы композиторлар Р.Елебаев «Жас
қазақ» əнін, А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Төлеген Тоқтаров» операсын
жазды. Лениногор қаласында оған ескерткіш орнатылды. Алматы,
Өскемен қалаларында Төлегеннің есімімен аталған көшелер бар.

ƏЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА

Молдағұлова Əлия Нұрмұхамедқызы (1924 – 1944) – қаһарман қазақ қызы, Кеңес
Одағының Батыры. Əлия 1924 жылы 20 сəуір күні Ақтөбе облысы Қобда ауданында
дүниеге келген. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Əубəкір
Молдағұловтың қолында тəрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1941
жылы Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Əскер
қатарына алынып, мергендер мектебін үздік бітіріп шығады. 1943 жылдың тамызынан
2-ші Прибалтика майданында 26-шы атқыштар
дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, асқан
мергендігімен көзге түседі. Ефрейтор Молдағұлова
Новосокольники темір жол бекетінің маңында болған
ұрыста жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап,
қаһармандықпен қаза табады. Санкт-Петербург, Мəскеу
қалаларындағы жəне көптеген облыстардағы ондаған
мектептер, көшелер Молдағұлованың есімімен аталады.
Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда,
Ақтөбе қалаларында жəне туған ауылында ескерткіш
орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың
мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мəскеудің №
891 орта мектебі жанында мұражайы бар.

МƏНШҮК МƏМЕТОВА

Мəметова Мəншүк (шын есімі – Мəнсия)
Жиенғалиқызы (1922 – 1943) – қаһарман қазақ
қызы, Кеңес Одағының Батыры. Мəншүк
1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда
ауданында туылған. Ата-анасынан ерте
айырылған Мəншүк балалық, жастық шағын
Алматыда Ə.Мəметовтың тəрбиесінде өткі зе-
ді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алма-
ты медициналық институтында оқып жүрді.
1942 жылы тамызда Қызыл Əскер қатарына
алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құра-
мында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пуле-
метші Мəншүк Мəметова ұрыстарда өзі нің
асқан мергендігімен жəне табанды ба тыл-
дығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін
болған кескілескен шешуші ұрыста Мəметова
ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып,
қаһармандықпен қаза тапты. Туған жерінде
оған ескеркіш орнатылған, Невель, Алматы,
Орал, т.б. қалаларда Мəншүк Мəметованың
атында көшелер бар.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Момышұлы Бауыржан (1910 – 1982) – жазушы,
даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, панфиловшы,
Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның
Халық Қаһарманы (1995). Мектепті бітірген соң
соғысқа дейін мұғалім, ауатком хатшысы, милиция
бастығы болып қызмет істеген.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен
генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен
Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8-гвар-
диялық) дивизиясы құрамында майданға аттана-
ды. Батальон, полк командирі болады. Соғыстың
соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны
басқарады. 1950 жылы Кеңес Əскері Бас штабының
жанындағы Жоғары əскери академияны бітіріп,
əскери академияда сабақ береді жəне тұрақты əскери
қызмет атқарады. 1956 жылы демалысқа шығып,
өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол еңбектерін қазақ, орыс тілдерінде жазған. Оның «Артымызда Москва»,
«Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Төлеген Тоқтаров», «Соғыс психологиясы»,
«Офицер жазбалары», т.б. туындылары бар. Шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне
аударылды. Бауыржан Момышұлының есімі ауылдарға, көшелерге, Республикалық
əскери балалар мектебіне, т.б. берілген.

ДОСПАНОВА ХИУАЗ ҚАЙЫРҚЫЗЫ

Доспанова Хиуаз Қайырқызы (1922 – 2008) –
қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш жауынгер қыз.
1922 жылы Атырау облысына қарасты (бұрынғы
Гурьев облысы) Құрманғазы ауданындағы Зормата
ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Хиуаз мектеп-
те оқып жүргенінде ұшқыш куəлігін алады. 1940
жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, Мəскеудегі
дəрігерлік институтқа түседі. Бірінші курсын
бітіргеннен кейін өз еркімен майданға кетеді. Ол
əскери ұшақты меңгеруді, жау тылында түнде
шабуылға шығуды, əскери операцияларды қалай
бастап, қалай аяқтауды Саратовтағы əскери ұшқыштар училищесінде оқып үйренеді,
өзінің ұстазы саналатын атақты Марина Михайловна Раскованың мол тəжірибесімен
машықтанады.
Соғыс жылдары əйгілі 588-ші түнгі бомбалаушы полкінің құрамында соғысқан. Осы
полктің əйел ұшқыштарының батырлығы үшін немістер оларға “Түнгі мыстандар” де-
ген ат қойған. Хиуаз Наталья Меклина, Раиса Аронова, Александра Хорошилова, Евге-
ния Жигуленко атты əріптестерімен бірге жауынгерлік тапсырмамен 300-ден астам рет
аспанға көтеріліп, жаудың төбесіне жасын ойнатқан.
Ерлігі үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының 2 дəрежесі, Қызыл
Жалау ордендері жəне көптеген медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Хиуаз
Доспанова қоғамдық, партиялық органдарда қызмет жасады.
Жеңістің 60 жылдығында Қазақстан Президентінің Қаулысымен оған «Халық
Қаһарманы» атағы берілді.
Даңқты жерлесіміздің орыс тілінде «Под командованием Расковой», қазақ тілінде
«Халқым үшін» деген өзінің жазған кітаптары жарық көрген.

0

2

вйвйцвцйввлррернрпепе

0

3

Ұлы Отан согысын бастарынан кешкен акын-жазушылардың шыгармалары

¥лы Отан соғысы кезіндегі әдебиеттің де мазмүнын осы жагдайлар белгіледі.

Соғыс кезіндегі казақ эдебиетін жасауға акын-жазушыларымыздың барлык үрпағы қатысты. Аға жазушылардың бір тобы (С.Мүканов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, А.Токмагамбетов) елде еңбек етіп, майдан мен тылдың бірлігін жырлауға үн косты. Бір топ казақ акындары (Т.Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Д.Әбілев,

Қ.Бекхожин т.б.) қолына кару алып майданға аттанды. А.Жұмағалиев, Б.Бұлкышев сиякты таланттар ұрыс кезінде ерлікпен каза тапты. Майдан газеттерініц бетінде жарияланған алғашкы шығармаларымен Х.Ерғалиев,

С.Мэуленов, Ж.Молдағалиев сиякты жас акындар эдебиетшілер катарын толыктырды. Жамбыл бастаған халык акындары отаншылдык рухта патриоттык жырлар шығарды.

Ұлы Отан согысы дэуірінің кауырт окиғаларын шапшаңдыкпен бейнелеуде, майдандағы каһармандык ерлікті жырлауда баска жанрларға караганда поэзия ұшкырлык көрсетті. Әсіресе, лирика халыкты жауға карсы жаппай күреске көтеріп, оның бойындағы патриоттык сезімді оятуда елеулі кызмет аткарды. Ол майдан өмірінің шындығын терең жырлауға ұмтылды, тылдағы жанкиярлык ерлікті жырға косты. Сезім күйлерінің байлығы, ой парасаттылығы ерлікті жырға косты. Сезім күйлернің байлығы, ой парасаттылығы, жеңіске деген оптимистік сарын поэзияны жаңа сапаға көтерді.

0


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio